Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды

Астананың  ПД басшысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2022 11:36 Сурет: gov.kz
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымына Марат Төлебаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Жаңа басшыны бүгін ІІМ басшысы жеке құраммен таныстырды.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Ержан Саденов ҚР Президентінің Өкімімен жақында ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Министр Ержан Саденовтың басшылығымен Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша оң нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтіп, атқарылған жұмыс үшін алғысын білдірді.

Біздің елордамыз қарқынды өсіп, дамып келеді, оның тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды. Аумақтық бөлімшені басқаруда мол тәжірибесі бар Марат Төлебаев Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған міндеттерін орындау жұмыстарын, оның ішінде халықпен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, полиция қызметін цифрландыру және қылмысқа қарсы күресті тиісті деңгейде жалғастыратынына сенімдімін. Біздің елордамыз әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың қатарында болуы тиіс. ІІМ Ерлан Тұрғымбаев

Марат Сағынтайұлы Төлебаев 1969 жылы туған.

  • Ішкі істер органдарындағы қызметін Қостанай облысында қылмыстық іздестіру жедел уәкілі лауазымынан бастады. Әр жылдары елордада полиция департаментінің бөлімшелерінде басшылық қызметтерді атқарды.

  • Қостанай облысы және Нұр-сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

  • 2019 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментін басқарды.

Полиция генерал-майоры арнайы атағы бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: