Қайрат Дәлбеков Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы болды

Шымкент қаласы полиция департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2022 16:36 Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымына Қайрат Дәлбеков тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарында 1989 жылдан бастап қызмет атқарады. Орта және аға басшы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған.

2018 жылдан бастап Түркістан облысының Полиция департаментін басқарған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: