Жаңалықтар тізбегі
0

Қар жауып, боран соғады. 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2022 10:23 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты белең алып, осыған байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болатынын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz

Синоптиктер түнде және таңертең еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда және тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жел күшейіп, бұрқасын, көктайғақ болатынын болжайды.

Еліміздің солтүстігі мен шығысында антициклонның ықпалына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыз бойынша кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында, тау бөктерінде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады, облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жел екпіні 17-22 м/с дейін, таулы аудандар мен облыстың солтүстігінде 25 м/с дейін, тау асуларында 30 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда көктайғақ болып, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында және тау бөктерінде тұман түсіп, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел екпіні 15-20 м/с дейін, облыстың оңтүстік-батысында 23-28 м/с, таңертең және күндіз 30 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде-тұман, орталықта және шығысында – 15-20 м/с дейін жел күшейеді, көктайғақ, бұрқасын болады.

Маңғыстау және Атырау облыстарының шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде және оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Оңтүстікте, Қарағанды облысының орталығында боран соғып, көктайғақ болады, желдің секундына жылдамдығы 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында Алакөл көлдерінің ауданында жел екпіні 17-22 м/с дейін күшейеді, күндіз батыста, солтүстікте және таулы аймақтарда, тау бөктерінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: