Павлодарда ерлі-зайыптылар бір бірінің үстінен полицияға шағым түсірді

Павлодар облысының Успен ауданында өзара ұрсысып, дауласқан ерлі-зайыптылар жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz
Онсыз да көңіл-күйсіз оралған күйеуіне үйінде әйелі оған дүрсе қоя берген.
Содан үлкен жанжал орын алып, ерлі-зайыптылар бір-бірін әбден балағаттаған. Осыдан кейін екеуі де полиция бөліміне келіп, бір-бірінің үстінен шағым түсірді. Атап айтқанда, отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер бойынша. Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуандық Шахманов
Баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция мұндай мінез-құлықты қолайсыз деп тауып, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 73-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қатысты ескерту жасады.
Бөлісу
0
Толық оқу