Ақмола облысында ерлі-зайыптылар орманда жоғалып кетті
zakon.kz
Қарт ерлі-зайыптылар іздестірілуде.
Ақмола облысында орманда жоғалған ерлі-зайыптылар іздестірілуде, деп хабарлайды zakon.kz.
20 қазанда полицияға Айдабол ауылының 36 жастағы тұрғыны 66 жастағы әкесі Баялин Қайыржан Баржақсымұлы мен 67 жастағы анасының жоғалып кеткенін хабарлады.
20 қазанда ерлі-зайыптылар Зеренді ауданының Қошқарбай ауылына қара жолмен кеткен және Викторовка ауылы маңындағы орман алқабында адасқан сияқты. Honda көлігі бұзылып, орманда қалды, - делінген полиция хабарламасында.
Жоғалған адамдарды іздеуге Зеренді және Сандықтау АПБ жеке құрамы бағытталды.
Іздеуге жергілікті тұрғындар мен еріктілер қатысуда. Жоғалған азаматтарды көрген-білгендер болса, "102"телефоны арқылы хабарлауын сұраймыз, - деп толықтырды баспасөз қызметі
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript