Ақтөбеде ерлі-зайыпты дәрігерлерге 1 млн теңгеден аса айыппұл салынды
zakon.kz
Ерлі-зайыптылар анықтаманы 7500 теңгеге сатқан.
Ақтөбеде ерлі-зайыптылар ПТР-тест анықтамасын қолдан жасап, сатқан, деп хабарлайды zakon.kz.
"Мой Город" порталы атап өткендей, отағасы медициналық орталықта жұмыс істейтін әйеліне коронавирусты жоққа шығаратын ПТР-тест анықтамаларын жасауды ұсыныпты.
Ерлі-зайыптылар анықтаманы 7500 теңгеге сатқан. Бірақ жалған құжаттар әшкереленді, - делінген хабарламада.
Оларға алдын ала сөз байласып заңсыз құжат дайындағаны үшін, яғни "Бір топ адамның жалған құжаттарды қолдан жасауы және сатуы" бабы бойынша айып тағылды. Ерлі-зайыпты өз кінәсін мойындады. Прокурор айыпталушыға бір жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны ұсынды. Бірақ, сот айыпталушылардың кінәсін мойындағанын және үш кішкентай баласының барын ескеріп, әрқайсысына 555 600 теңге айыппұл салды, - деп жазады басылым.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, оған қарсы шағымдануға болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript