Қарағандыда теміржол өткелінде КамАЗ бен тепловоз соқтығысты
Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері тепловоз бен жүк көлігінің соқтығысу сәті түсірілген видеоны зерттеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik. Видеода жүргізуші қауіп барына қарамастан теміржол өткелінен өтіп үлгергісі келгенін байқауға болады.
Өңір полициясының хабарлауынша, жол апаты өткен сенбіде кешке қарай алты жарым шамасында орын алған.
32 жастағы КамАЗ жүргізушісі Бұхар-Жырау даңғылы жағынан Бытовая көшесімен Асфальтная көшесіне қарай келе жатып, теміржол өткелінде тепловозбен соқтығысты. Оқиға салдарынан көлік құралдарына зақым келді. Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полиция апат салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. Жүк көлігінің жүргізушісі медициналық мекеме көмегіне жүгінген жоқ.
Полиция хабарламасында қақтығыс кезінде жол төсемесі тазаланып жатқаны, өткелде қажетті жол белгілері болғаны, ал бағдаршам стандартты режимде жұмыс істеп тұрғаны атап өтіледі.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі полицияда тіркеліп, тергеу басталды, оның аясында бірқатар қажетті сараптамалар жүргізілетін болады.