Астанада теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысты

Әлеуметтік желіде жолаушылар автобусы мен тепловоздың соқтығысқан сәтінің видеосы тарады. Аталған жол-көлік оқиғасының елордада 31 тамызда сағат 21:40 уақытында орын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
CTS компаниясының баспасөз қызметі №30 бағдардағы қоғамдық көліктің тепловозға соғылғанын растады.
"31 тамызда сағат 21:40-та Тайбұрыл көшесінен Үшқоңыр көшесі бағытындағы теміржол өткелінде №30 қоғамдық автобустың жүргізушісі жол ережесін бұзып (теміржол өткеліндегі жол белгілерінің талаптарын сақтамау және бағдаршамның тыйым салған белгісін елемеу), тепловозбен соқтығысты, делінген хабарламада.
Автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Зардап шеккендер жоқ.
"Жүргізушінің жолаушылар көлігі саласындағы еңбек өтілі – 30 жыл. №1 автобус паркінде 10 жыл жұмыс істеген. Рейс алдында (сағат 05:30-да) медициналық тексеруден өткен. Жүргізуші разнарядқа сәйкес, демалыс күнінен кейін 1-ші күн жұмысқа шыққан. Жүргізуші жұмыстан шеттетіліп, CTS компаниясының біліктілік орталығына қайта даярлауға жіберілді", делінген CTS компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript