Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы қаласының әкімі , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2022 15:17 Сурет: strategy2050.kz
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz
"Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы лауазымынан босатылсын," – делінген Жарлық мәтінінде.

Ерболат Досаев 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1987 жылы Алматы қаласының Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірген.

Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

1993-1994 жылдары "Іскер" МНПП менеджері;

1994 жылы "Вега" ШК директорының орынбасары;

1994-1996 жылдары "Акцепт "фирмасы" ЖШС директорының орынбасары, директоры;

1996-1997 жылдары "Акцепт "корпорациясы" ЖТАҚ директоры, бірінші вице-президенті, бас директоры;

1997 жылы «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ басқарма төрағасы;

1998 жылы ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі;

1998 жылы ҚР энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;

2000 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;

2001 жылы Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы;

2001–2003 жылдары ҚР Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы; 

2003–2004 жылдары ҚР қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; ҚР Ұлттық Банкінің басқарма мүшесі;

2004–2006 жылдары ҚР денсаулық сақтау министрі;

2006–2012 жылдары «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2012 жылғы 25 қыркүйектен бастап ҚР экономикалық даму және сауда министрі;

2013 жылғы 16 қаңтардан бастап ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;

2014 жылғы 6 тамызда ҚР Президентінің №880 жарлығымен ҚР ұлттық экономика министрі болып тағайындалды;

2015 жылғы 30 сәуірде ҚР Президентінің № 5 жарлығымен ҚР Ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды;

2016–2017 жылдары «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басшысы;

2017 жылғы 29 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2017 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және жаңа технологиялар министрдің міндетін атқарушы Т.Тоқтабаевтың «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» №824 бұйрығына сәйкес «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына сайланды. 

2019 жылдың 25 ақпанында Елбасының жарлығымен ҚР Ұлттық банк төрағасы болып қызмет атқарып келді.

Досаевқа дейін Алматы әкімі қызметін Бақытжан Сағынтаев атқарды. Сағынтаев бұл қызметке 2019 жылдың 28 маусымында тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: