Батыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 11:26 Сурет: senate.parlam.kz
2 желтоқсан күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын" – ҚР президентінің ресми сайтында жарияланған Жарлықта.

Нариман Төреғалиев 1964 жылы Орал облысы Тайпақ ауданы Есенсай ауылында дүниеге келген.

Білімі:

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты (1990)

Инженер-экономист

Каспий қоғамдық университеті (2004)

Заңгер

Еңбек өтілі:

  • "ХVІІІ Партсъезд" ат. ауылшаруашылығы бірлестігінің экономисті, бас экономисті (1990-1995);

  • "Айтиево" өндірістік кешенінің жабдықтаушысы, экономисті, бас экономисті (1997-1999);

  • "Акжол" шаруа қожалығының басшысы (1999-2001);

  • Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы (2001-2002);

  • Жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры, Орал қ. (2002-2003);

  • Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары (2003-2005);

  • Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары (2005-2008);

  • Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры (2008-2010);

  • Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы (2010-2012);

  • Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі (2012-2015);

  • Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2015-2016);

  • Орал қаласының әкімі (2016-2017);

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: