Тәртіп сақшылары Жамбыл облысы тұрғынынан 22 келіден аса марихуана тәркіледі

Жедел іздестіру іс-шаралары Сурет: pixabay
Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында жалпы салмағы 21 келі 140 грамм болатын "кептірілген марихуана" есірткі затын қапқа салған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

40 жастағы жергілікті тұрғын Меркі ауданының аумағындағы "Қарасу-Қорағаты" автожолында атпен кетіп бара жатқан жерінен ұсталды.

Ол кінәсін толық мойындап, УҰИ-ға қамаққа алынды.

Күдіктінің айтуынша, ол есірткі затын 2021 жылдың тамыз айында Меркі ауданының құмды аймағында дайындаған.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оған сәйкес 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз