Түркістан облысында полиция ағайынды жігіттерден 65 келіден астам марихуана тәркіледі

Түркістан облысында полиция ағайынды жігіттерден 65 келіден астам марихуана тәркіледі , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2024 14:06 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз тасымалдаған күдікті 2 жігітті ұстады.

Полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент – Жетісай тасжолында Toyota автокөлігін тоқтатты.

Көліктегі екі жігіттің Жамбыл облысының ағайынды тұрғындары екені анықталды. Автокөліктің жүксалғышын тексеру кезінде жедел уәкілдер жалпы салмағы 65 келіден астам ішінде марихуана есірткісі бар 4 қап тауып алды.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Аталған жайт "Тосқауыл" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: