Министр утилизациялық алым мөлшері қашан бекітілетінін айтты

Утилизациялық алым, "ӨКМ операторы" Сурет: pixabay
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев утилизациялық алым мөлшері қашан бекітілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі

Министр утизизациялық алым мөлшерін белгілеу жұмысы әлі жүргізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, екінші деңгейлі банктердің барлық активтері мен қаражаты "Жасыл дамуға" берілген.

Бүгінде кабель және өткізгіш өнімдері бойынша утилизациялық алым нөлдік мөлшерде болады деген шешім қабылданды. Басында кабель және өткізгіш өнімдері үшін алынатын төлем мерзімін 2023 жылдың 1 қаңтарына жылжытпақ болдық. Алайда кейін кабель және өткізгіш өнімдері үшін алынатын төлемнің нөлдік мөлшерлемесін мерзімсіз ету туралы шешімге келдік, яғни оған утилизациялық алым төленбейді.ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев

Ал автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларына утилизациялық алым мөлшерін белгілеу жұмыстары жалғасуда. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл мөлшерлемелер бойынша есептеулер пен коэффициенттерін ұсынуы керек және ол халықпен келіскеннен кейін бекітілетін болады.

Бәріңіз білетіндей, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, құжаттарды алып қойды. Бірақ қазір серверлер қосылды, дүйсенбіден бастап бәрі бұрынғыдай толық жұмыс істейді, утилизациялық төлемдер қабылданады.ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев

Брекешев ведомство заңгерлер блогы, Цифрлық технологиялар, бюджеттік жоспарлау департаменттері өкілдерінен комиссия құрылғанын, қазір "ӨКМ операторы" ЖШС-ның барлық ақшалай кіріс-шығыстары тексеріліп жатқанын айтты.

Қазір "Жасыл дамуда" шамамен 220 миллиард теңге бар, ақшаның жартысы ұлттық валютада, қалған жартысы доллар күйінде. Жұмыс жүргізілуде. Жақын арада біз автомобиль және ауыл шаруашылығы техникаларының утилизациялық алым мөлшерлемесін бекітеміз деп ойлаймын.ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев

Еске салайық, 11 қаңтарда мәжіліс отырысында сөз сөйлеген мемлекет басшысы утилизациялық алым мөлшерлемесін қайта қарауды тапсырып, «ӨКМ операторы» ЖШС бұдан былай төлем алумен айналыспайтынын мәлімдеген еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз