Бағдат Мусин көптен заңсыз майнинг фактілері туралы хабарлауды сұрайды

Көлеңкелі экономика Сурет: pixabay
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтардан заңсыз майнинг фактілері туралы хабарлауды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz

Ол Facebook-те соңғы уақытта ақпараттық кеңістікте майнинг мәселесі жиі талқыланып жатқанын жазды.

Біздің энергожүйеге "көлеңкелі майнерлер" зардабы тиюде. Қазір заңсыз майнингтің энергошығыны 1 гигаваттан (ГВт) асады екен. Бұл орайда қалыптасқан "көлеңкелі" нарықтың энергожүйеге түсіріп жатқан ауыртпалығы мен зиянын дәл бағамдау оңай емес.Бастысы, бұл кәсіпке де салық салынуы тиіс. "Сұр майнинг" - бұл экономикалық қылмыс, салық төлеуден жалтару! Ал қылмыс жасағандар жауапқа тартылуы тиіс. ҚР ЦДИАӨМ басшысы Бағдат Мусин

Ол "Сұр майнерлердің" локациясы туралы ақпарат болса, мына электрондық мекенжайларға хабарлама жіберулеріңізді (жасырын түрде хабарлауға болады) сұраймыз: b.galimzhan@mdai.gov.kz

e.smailov@mdai.gov.kz

a.ibraev@mdai.gov.kz

Көрсетілген локациялар бойынша тексерулер жүргізіліп, тиісті шешімдер қабылданады. Сондай-ақ көлеңкелі тұстан шығып, заңды майнерге айналуды қалаған кісілерге әріптестерім кәсіби кеңес бере алады. Энергожүйеге зиян келтіріп, заң бұзып жатқандармен бірге күресейік!

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз