Алматы облысында бүтін бір отбасы иіс тиіп, қайтыс болды

Иіс тию, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2022 00:05 Сурет: pixabay
24 жастағы ерлі-зайыптылар және олардың төрт және бір жастағы қос бүлдіршіні жер үйден жансыз табылды. Қайғылы жағдай Еңбек ауылында болған, деп хабарлайды Zakon.kz

Облыстық ТЖД мамандарының алдын ала болжамдарына сенсек, бүтін бір отбасы пештен шыққан түтіннен уланған. Әрі марқұмдар шамамен екі-үш күн бұрын қайтыс болғаны айтылады, делінеді Астана телеарнасының жаңалығында.

Дегенмен қазаның себебін анықтау үшін мамандар сот медициналық сараптама жұмыстарын бастап кетті.

Облыстық ТДЖ-ға Талдықорған қаласы, Еңбек ауылындағы жергілікті тұрғындардан шақырту түсті. Олар сондағы тұрғын үйлердің бірінен 4 адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Оқиға орнына барғанымызда марқұмдардың 1998 жылғы күйеу мен әйелі, және олардың 2018, бен 2021 жылғы балалары екенін анықтадық. Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Ахашов
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: