Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі биыл қайта қаралуы мүмкін

Қытай, Қазақстан, Ақжарқын ісі Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі биыл қаралуы мүмкін. Бұл туралы оның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Ол есірткі контрабандасы үшін айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қазақ халқы оның Қазақстанға оралуын талап етіп жатыр.

Ақжарқынның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов Facebook парақшасында биыл жаза қайта қаралуы мүмкін екенін жазды. Бұлай деуге алғышарт бар: Қазақстан мен Қытай арасында сотталғандарды беру туралы келісім жасалған.

Ақжарқынды Қазақстанға алдыру үшін мынандай рәсімдер орындалуы тиіс:

  • жазаны өмір бойына бас бостандығынан айырудан бас бостандығынан айыруға дейін қайта қарау туралы шешімнің қабылдануы;

  • Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына өтінішхат жолдау. Мұндай петиция 2016 жылы кері қайтарылды;

  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Сыртқы істер министрлігінің Қытай тарапымен Ақжарқынды беруді орындау бойынша өзара іс-қимылы.

    Ақжарқын Тұрлыбай сотталған қылмыстық бап Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» деген бапқа сәйкес келеді. Бұл қылмыс бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз