Жаңалықтар тізбегі
0

Экс-министр Біртановтың ісі сотқа түсті

Біртанов ісі, сот , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2022 11:27 Сурет: Zakon.kz
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қылмыстық ісі сотқа түсті. Бұл туралы оның адвокаты мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Экс-министрдің адвокаттары Біртановтың кінәсіздігін және істі тергеу кезінде көптеген заң бұзушылықтар болғанын мәлімдеді.

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Біртанов пен бұрынғы вице-министр Әбішев Ericsson Nicola Tesla компаниясы жасап шығарған, жұмыс істемейтін платформаны қабылдап алды деп айыпталып жатқаны белгілі. Дегенмен бұл болжамды тек Біртанов пен Әбішев қана емес, хорват тарапы да, іс материалдары да қабылдаған жоқ. 2020 жылдың желтоқсанында Загреб қаласының соты арқылы Ericsson Nikola Tesla компаниясының бас директоры платформаның жұмыс істейтіндігі туралы дәлелдерін ұсынды. Елжан Біртановтың адвокаты

Біртанов бір жылдан астам уақыт үй қамақта отыр. 28 қыркүйекте экс-министрдің адвокаттары Қазақстан Президентінен қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұрады. Қылмыстық іс 133 томнан тұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: