Алматы облысында тұрғындар жаппай уланып қалды

Ауруханаға жатқызылды Фото: Zakon.kz
Астан жаппай уланғандардың бәрі Талғар ауданына қарасты ауруханада ем қабылдаған, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы телеарнасының мәліметінше, оқиға 29 қаңтарда болған. Олардың ішінде 6 бала бар. Уланғандардың ең кішісі 1,5 жаста екен. «Олардың жағдайы тұрақталғанымен, салдары әлі де толық кеткен жоқ» дейді мамандар.

Бәрі осы жерден емін алып, үйлеріне жіберілді. Бізде шұғыл бригада науқастарды үйлерінде қарап, дәрі-дәрмектерін беріп тұрады. Әр вирустық аурудың өз кезеңі бар. Біреу 2-3 күнде жақсы болса, енді біріне 2 апта қажет болуы мүмкін.Талғар аудандық орталық ауруханасы» МКК бас директорының орынбасары Тимур Қуатов

Ендігі уланған тұрғындар ас ішкен дәмханадан өтемақы талап етпекші. «Бесағаштағы бұл орын бүгін денсаулығымызға кері әсерін тигізді, ертең қанша адамға зияны тиерін кім білсін?» дейді зардап шеккендер.

Үйге келе салып, баламның жағдайы нашарлады. Іші ауырды, жүрегі айныды. Бір сағаттан кейін менің өзімде де солай болды. Бірден жедел жәрдем шақырдық. Тез әрекет етпегенде, не боларын ойлаудың өзі қорқынышты. Бесағаш ауылының тұрғыны Мариям Соскова

«Талғар тас жолының бойындағы «Чиль Сон» дәмханасынан 4 дөнер алып, үйге келдім. Жегеннен кейін-ақ ауыра бастадық. Өзім, әйелім, қызым, бәріміз естен танып қала жаздадық», – дейді Бесағаш ауылының келесі бір тұрғыны Хасен Сексенбай.

5 күн өтсе де, енді ғана ес жиған азаматтар жергілікті полиция басқармасына арыз жазып қалдырыпты. Көпшілік мұндай жағдай қайталанбауы тиіс деп талап қойып отыр.

30 қаңтарда аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы бойынша іс қозғалды. Сараптама үшін керекті тағайындамалар жасалды. Істің мән-жайы әлі де анықталып жатыр. Облыстық ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Әбілтай Әбенов

Дәмхананың иесі «жұмыс істеп келе жатқан 3 жылдан бері мұндай жағдай бірінші рет болып отыр» дейді. Ал тексеру жұмыстары аяқталмайынша ештеңе айта алмаймын деген қожайын етті қаладағы түрік компаниясынан алатынын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз