Жаңалықтар тізбегі
0

Рұқсат етілмеген тергеу әдістеріне қатысты шағымнан соң 100-ден аса іс қозғалды

Арнайы брифингі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2022 21:11 Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану, билікті асыра пайдалану және лауазымдық өкілеттіктерге қатысты келіп түскен 148 шағым бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр, – деді арнайы брифингіде Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов, деп хабарлайды Zakon.kz
Бүгінгі күні прокуратураға тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану, билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану туралы 148 шағым келіп түсті. 105-і бойынша қылмыстық іс қозғалды (91 тыйым салынған тергеу әдістері және 14 лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану бойынша). Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов

Қилымжановтың айтуынша, оның ішінде әлеуметтік желілерде айтылған Атырау облысында «Динамо» стадионында орын алған жағдайлар, Алматы облысында Батырбаевқа қатысты және басқа да фактілер бар.

Брифинг кезінде осындай оқиғалардың жан-жақты, толық тексерілуін қамтамасыз ету үшін, олар бойынша тергеу жүргізу жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне (104) және арнайы прокурорларға (1) тапсырылғаны айтылды.

Тағы да ескертейін, прокурорлар шағымдар мен арыздар, сондай-ақ интернет арқылы таратылған барлық ақпараттарды тексеруде. Қазіргі кезде осындай фактілер бойынша 10 қылмыстық іс тергелуде. Олар бойынша 3 жалған ақпарат таратушы анықталып, оның біреуі қамауға алынды, екеуі үйқамақта отыр. Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов

Ол Прокуратура және құқық қорғау органдары қылмыстардың толық тергелуін, заң нормаларының сақталуын қамтамасыз ететінін нығарлап айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: