Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтар оқиғаларын тергеу үшін мыңдаған сараптама мен жауап алу жұмыстары жүргізілді

Бас прокуратура Сурет: Zakon.kz
Қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу үшін 1,3 мыңнан астам сот сараптамасы жүргізіліп, 10 мыңнан астам сұрақ-жауап алынды, деп мәлімдеді арнайы брифингіде Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов, деп хабарлайды Zakon.kz
Құқық қорғау органдары қаңтардағы оқиғалардың барлық мән-жайларын анықтау үшін көп уақытты талап ететін үлкен жұмыс атқаруда. Бүгінгі күнде 1 307 медициналық, баллистикалық және басқа сот-сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Тергеушілер 1 500-ге жуық оқиға болған орындарды қарап шықты, 10 000-нан астам тергеу амалдары жүргізілді. 1 279 тұлға жәбірленуші болып танылды. Атқарылатын жұмыс ауқымы өте көп, сол үшін тергеу нәтижелерін күтіп, сабыр сақтау қажет. Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов

Оның айтуынша, тергеу амалдарының, сараптамалардың нәтижелері негізінде ғана әр күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Ал түпкілікті, яғни, кінәнің бар-жоғы, жазаның мөлшері туралы шешімді тек сот қабылдайды.

Сондықтан азаматтардан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, тек ресми мәліметтерге сенуге және жалған ақпараттарды таратпауға шақырамын. Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: