Семейде көшеде оқушы қызды ұрлап кете жаздады

Оқыс оқиға Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Семейде баланың ұрлана жаздағаны туралы пайда болған ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Кешкі уақытта аялдамада тұрған оқушы қызды белгісіз ер адамның ұрлауға тырысқаны туралы ақпарат пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, қызға жас жігіт көмекке келген, содан кейін ер адам аялдамаға келіп тоқтаған автобусқа кіріп, жоқ болған.

Полиция аталған оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын, оқиғаның мән-жайы анықталатынын атап өтті.

2022 жылдың 2 ақпанында аталған факті орталық полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта ер адамның жеке басын, сондай-ақ аталған істің барлық мән-жайларын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. ШҚО ПД баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз