Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында күн райына байланысты жолдар жабылып жатыр

Түркістан облысы, тас жол, күн райы, ақтүтек, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 10:52 Сурет: pixabay
Түркістан облысының полицейлері республикалық және облыстық маңызы бар бірнеше жолдың жабылғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz
Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, ақ түтек боран басталды. Күннің суытуы көліктердің жүруіне кедергі келтіріп жатыр. Дамылсыз соққан ақ түтек боран жүргізушілер мен жолаушыларды әбігерге салуда. Азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТО ПД-ның тиісті сала қызметкерлері республикалық, облыстық маңызы бар жолдарға жұмылдырылды.Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Осыған орай Түркістан облысының полицейлері бірнеше жолдардың жабылғанын ескертеді:

  • Атап айтсақ, республикалық маңызы бар А-2 «Алматы – Ташкент –Термез» тас жолы 593-602 «Шақпақ баба» аралығында қар, боран, таңғы уақытқа жақын ауа райы тіптен суып кетуіне байланысты, көктайғақ болу қаупі бар.

  • Шолаққорған мен Шаян елді мекендерінің (Бәйдібек) арасындағы жол жабық (боран);

  • Шолаққорған – Ащысай – Оранғай елді мекендерінің арасындағы (Созақ, Сауран ауданы) жол жабық;

  • Ақтас – Бірлік елді мекендерінің (Бәйдібек) арасындағы жол жабық;

  • Қызылорда тас жолында, Шорнақ ауылы мен Қызылорда арасы жабық.

Аталған республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда қозғалыс тоқтатылды.

Осыған орай полицейлер азаматтарды күн райының өзгеруін бақылап, ескерту хабарламаларын назарға алуға және қажетті сақтық шараларын ұстануға шақырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: