Қазақстанда бірқатар шетелдік тауарларды мемлекеттік сатып алуға тыйым салынды

Мемлекеттік сатып алуға тыйым, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 11:24 Сурет: Zakon.kz
Шетелден шыққан автокөліктер мен басқа да кейбір тауарларды мемлекеттік сатып алуға екі жылға тыйым салынуда, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстан Үкіметі 2022 жылғы 2 ақпандағы «Ұлттық режимнен босатуды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады.

Шетелде шығарылған бірқатар өнеркәсіптік және машина жасау тауарларын мемлекеттік сатып алуға екі жылға тыйым салынуда.

Ұлттық режимнен алып тастауға жататын шет мемлекеттерден шығарылған тауарлардың тізбесіне мыналар кіреді:

  • автобустар, жеңіл және жүк көліктері;

  • арнайы техника, комбайндар, тракторлар, жүк көлігі тракторлары;

  • лифттер, траволаторлар, эскалаторлар және жылжымалы жолдар;

  • газды, сұйықтықты немесе электр энергиясын беруге немесе өндіруге арналған есептегіштер, оның ішінде калибрлеуші: айнымалы ток, көп фазалы, бір фазалы электр есептегіштері; газ есептегіштері.

  • интеграцияланған, цифрлық релелік қорғанысы және цифрлық басқаруы бар толық трансформаторлық қосалқы станциялар.

Бұл ретте ұлттық режимнен алып тастауға жататын шетелдік тауарлар тізбесінен шұлық, киізден жасалған аяқ киім, сондай-ақ ағаш және металл кеңсе жиһаздары алынып тасталды.

Түзетулер 2022 жылдың 15 ақпанында күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: