Жаңалықтар тізбегі
0

«Қорықпайтын болдық». Әйелдер вагонындағы жағдай қалай

Жолаушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 12:53 Сурет: Zakon.kz
Zakon.kz тілшісі әйелдерге арналған вагон жолаушыларымен әңгімелесіп, олардың арнайы вагон туралы пікірін біліп қайтты.

Естеріңізде болса, 2021 жылдың қазан айында елімізде алғаш рет әйелдер вагоны пайда болған еді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ әйелдерге арналған тағы 6 вагонды 1 ақпанда іске қосты. Қазір 8 вагонға тек әйелдер 7 жасқа дейінгі ер балаларымен міне алады.

вокзал, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 12:53

Сурет: Zakon.kz

Алматы-Өскемен бағыты бойынша жүретін пойызға жолаушыларды отырғызу 18.30-да басталды. Вокзал маңында адам көп емес. 351 Ц деп аталатын пойыздың «10 Е» деген вагоны тек әйелдерге арналған. Вагонға жеткенде оның әйелдерге арналғаны бірден көрінді. Екі жолсерік те, кіріп жатқан жолаушылар да — әйелдер.

вокзал, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 12:53

Сурет: Zakon.kz

Бір қарағанда, арнаулы вагонның өзгелерінен айырмашылығы жоқ. Бұл вагонға тек қыз-келіншектер міне алатыны болмаса, бәрі әдеттегідей.

пойыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 12:53

Сурет: Zakon.kz

Әсел Қадырбекова 12 жасар қызымен Өскеменге жол жүргелі жатыр. Арнайы вагонға отырып, үйімізге емін-еркін баратын болдық деп отыр. Қызы екеуіне пойыздың тазалығы, ешкімнен қымсынбай киім ауыстыруға болатыны ұнап отыр.

Купеде ер адам болмайтыны жақсы. Қызым үшін де, өзім үшін де қорықпаймын. Вагон ұнады, өте ыңғайлы екен. Отырғанда да еркін отырамыз. Ай сайын Алматыға ем алуға келіп тұрамыз, мұндайда тек әйелдерге арналған вагон болғаны тіпті жақсы болды. Жалғыз жол жүретін қыздарға да ыңғайлы.Әсел Қадырбекова

жолаушылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 12:53

Сурет: Zakon.kz

Арнайы вагонның тағы бір жолаушысы — Салима Сейджапарова Алматыға жақсы жаңалықпен келе қоймапты. Жайсаң құрбысын соңғы сапарға шығарып салып, үйіне қайтып барады. Әйелдер вагонына екінші рет мініп жатыр. Оның сөзінше, бұл жолғы вагон жаңа әрі басқаша екен.

купе, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 12:53

Сурет: Zakon.kz

Пандемия болмаса, пойызға жиі мінетінмін. Қазір сәл азайттым. Әйелдерге арналған вагонның жолсеріктері – қонақжай, жылы жүзді адамдар. Мұндағы дәретхана таза болады. Аралас вагонда ерлер ішеді, темекі тартады, иісі келеді. Оның үстіне мұнда тыныш, жайлы. Бір байқағаным бұл вагондарда төсеніштер аппақ әрі тап-таза. Барлық жағынан ұнайды. Басқаларға да әйелдер вагонынан билет алыңдар деп айтып жүремін.Салима Сейджапарова

пойыз, туалет, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 12:53

Сурет: Zakon.kz

Әйелдерге арналған вагонның жолсерігі Гүлнар Қонысова пойыз сыртында адамдарды қарсы алып тұр. Ал әріптесі Гүлжан Қабышева жолаушыларды ішке кіргізіп, орналастырып жатыр. Алматыдан 10 шақты әйел ғана мінді.

Адам әркезде әрқалай жиналады. Кейде вагон толып жүреміз. Ал бүгін адам азырақ.Гүлжан Қабышева

Гүлжан Қабышева, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 12:53

Сурет: Zakon.kz

Екі жолсерік те әйелдерге арналған вагондар ашылғалы тек осындай вагонда қызмет етеді екен. Жолсеріктің сөзінше, мұндай вагонның қызметкерлер үшін ең маңызды ерекшелігі — жолаушылардың ризалығы.

жолаушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 12:53

Сурет: Zakon.kz

Әр жолаушының жағдайын жасауға тырысамыз. Мұнда тыныш, адамдарға жайлы. Дәретхана таза, шай қайнап тұрады. Жолаушылар түсерде әрдайым алғысын айтып кетеді. Сол үшін өте қуанамын.Гүлжан Қабышева

Бүгінде Гүлжан Қабышева мен Гүлнар Қонысованың Темір жол саласында жұмыс істеп жүргендеріне 20 жылдан асыпты.

жолсеріктер, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 12:53

Сурет: Zakon.kz

Қыз-келіншектерге арнайы вагон ашылғанда әсіресе көбіне жолға жалғыз шығатын адамдар қуанып жатты. Бұған елдегі пойыздарда болған келеңсіз жағдайлар да әсер етті. Әйелдерге арналған вагонға қуана-қуана билет алғандардың бірі — Ольга Черепанова. Ол тау шаңғысынан инструктор әрі Еңбекшіқазақ ауданының туризм бойынша координаторы болып жұмыс істейді. Сондықтан көп жол жүреді екен. Бұл жолы Риддердегі балаларды Шымбұлақта болатын чемпионатқа әкелуі керек. Ольга Черепанова билетті онлайн алған. Сайтта «әйелдер вагоны» деп шыққан соң, қуана сатып алыпты.

Ольга Черепанова, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 12:53

Сурет: Zakon.kz

Өзім үнемі жалғыз жүремін, отбасылы адам емеспін. Сондықтан да арнайы вагонға билет алдым. Егер отбасылы адам болсам, маған жай вагон да жарар ма еді? Ал мына вагонда жүрегім де, құлағым да тыныш. Қауіпсіздік жағынан көп алаңдамай, тыныш ұйықтап, діттеген жеріме жетемін. Әйтпесе пойызға неше түрлі адам мінеді ғой. Пойыздың мен байқаған ерекшелігі — тек әйелдер болып жол жүретініміз. Өзіме жайлы.Ольга Черепанова

Сонымен бірге арнайы вагонға жолаушылардан бөлек пойызды тазалап, жуып тұратын қызметкерлер де орналасады екен. Бұл жолы вагонға адам көп мінбеді. Жолаушылар «Бір жағынан тыныш болады» деп жақсыға жорып, сапарға дайын отыр. Сағат 19.00-де пойыз Өскеменге қарай жол тартты. Ал біз вокзалдағы ер адамдармен әңгімелесіп, арнайы вагон туралы пікірін сұрадық.

вокзал, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 12:53

Сурет: Zakon.kz

Әйелдерге арналған вагондар ашылғанына, көбейіп жатқанына ер адамдар да қуанышты екенін жасырмады. Ақтөбелік Шыңғыс Төреев жолда да әйел затына қиянат жасайтын адам кездесуі мүмкін екенін айтып отыр. «Қазақстанда бір кездері болған оқиғаларды ескерсек, арнайы вагонның болғаны құба-құп», – дейді жолаушы.

«Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» деген мақал есіме түсіп отыр. Қоғамда ниеті дұрыс емес адамдар кездеседі. Сол себепті әйелдерге арналған вагон шығуын қолдаймын. Олар діттеген жеріне аман-есен жетуі қажет. Бір купеде ер кісімен қалу әйелдер үшін ыңғайсыз. Қыз-келіншектердің қауіпсіздігі пойызда ғана емес, көшеде, жұмыста, көлікте басты назарда болу керек. Әйел заты, қыз баласы өмірге біреуден қиянат көру үшін келмейді. Ал ерлерге мұндай вагон енгізетіндей аса қауіп жоқ деп ойлаймын.Шыңғыс Төреев

Шыңғыс Төреев пойызда темекі тарту, тазалықты сақтау жағы да оңалып келе жатқанын алға тартты. Оның айтуынша, бұрынғыдай емес, қазір біразы темекіні тек станцияда тартатын көрінеді.

вокзал, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 12:53

Сурет: Zakon.kz

Ал оңтүстіктің тұрғыны Әнуарбек Үсенов қаңтар оқиғасынан соң әйелдер түгілі ер адамдар да өз қауіпсіздігі үшін қатты алаңдайтынын жеткізді. Ол арнаулы вагон аруларымыздың қорықпай сапарға шығуына мүмкіндік береді деп есептейді.

Әйелдерге арналған вагонның ашылуы да жақсылықтың нышаны шығар. Өйткені әйелдің бойында имандық, әдемілік, инабаттылық болады. «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді. Ал пойыз қалалар мен елдер арасында жүреді ғой. Сол кезде әйел адамдар қорықпай, өздеріне жылы ортада жол жүрсін деген шығар. Біздің өзіміз қаңтардағы оқиғалардан соң сыртқа шығуға қорқып қалдық. Өмірге басқа көзқараспен қарайтын болдық.Әнуарбек Үсенов

Сонымен қатар ол әйелдерге арналған вагон намаз оқитын қыз-келіншектерге де жайлы деп есептейді.

Әзірше қыздар өз вагонында емін-еркін жүріп-тұрғаны дұрыс. Кейін пойыздарда арнайы құлшылыққа арналған орындар да ашылып қалар.Әнуарбек Үсенов

вокзал, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 12:53

Сурет: Zakon.kz

Айта кетейік, 1 ақпанда әйелдерге арналған вагондар пилот режимде мына бағыттарда іске қосылды:

1) № 45/46 «Павлодар – Шымкент»;

2) № 85/86 «Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент»;

3) № 37/38 «Маңғыстау – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Семей»;

4) № 47/48 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Атырау»;

5) № 379/380 «Алматы-2 – Орал»;

6) № 73/74 «Алматы-2 – Жезқазған».

әйелдер вагоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 12:53

Сурет: Zakon.kz

Еске салайық, алғаш рет арнаулы вагондар №77/78 «Алматы – Маңғыстау» және №351/352 «Алматы – 1-Өскемен» жолаушылар пойыздарында іске қосылған еді. Тек әйелдерге арналған купе немесе вагондар шетелдік тәжірибеде де кездеседі. Мысалы, Ресей, Еуропаның кейбір елінде және Үндістанда.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің Zakon.kz-ке берген ақпараты бойынша, әйелдерге арналған вагон ашылғалы бері (2021 жылдың қазанынан 2022 жылдың ақпанына дейін) 18 мың жолаушы ерекше вагонға билет алған. Оның ішінде әйелдер вагонына қаңтар айында 4000-нан аса жолаушы мінген.

Сонымен қатар қаңтарда бір күнде 130-дан астам адам арнайы вагонмен жол жүрген. Ал ақпан айының бірінші жартысында небәрі үш күнде әйелдерге арналған 8 вагонға барлығы 850 адам билет сатып алған. Бұл деректер тек әйелдерге арналған купеге қатысты. «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдерінің айтуынша, плацкарт бойынша әйелдерге арналған вагон ашу әзірше жоспарда жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: