Қазақстандық ауыр атлет Мәдениет және спорт министрлігін сотқа берді

Денис Уланов Сурет: Olympic.kz
Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың қазақстандық қола жүлдегері Денис Уланов ақшалай сыйақы үшін Мәдениет және спорт министрлігін сотқа берді, деп хабарлайды Zakon.kz

2016 жылы ауыр атлет Денис Уланов Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада төртінші орын алды. Кейін үшінші орын алған спортшы допингке байланысты жарыстан шеттетіліп, «қола» автоматты түрде қазақстандыққа берілді.

Қазақстан олимпиаданың қола жүлдегерлеріне 75 мың доллар төлеуі тиіс. Төртінші орын үшін Денис Улановқа 30 мың доллар төленді. Спортшы медальді «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға өзгерістер енгізілген 2019 жылы емес, 2018 жылы ресми түрде алғанына байланысты қалған 45 мың долларды ала алмады. Бұл заңда «халықаралық жарыстарда жоғары нәтижеге қол жеткізген спортшылар төлем сомасын қайта қарауы тиіс» делінген.

Мәдениет және спорт министрлігі Zakon.kz сайтының сауалына жауап берді. Министрліктегілер 2021 жылдың қыркүйегінде «Денис Улановқа берілетін ақшалай төлемдердің көлемін қайта қарау мүмкіндігін қарастыру» туралы өтінішпен ҚР Премьер-министріне хат жазған.

Ақшалай ынталандыру туралы заң 2019 жылдың 30 желтоқсанында енгізілгені хабарланды. Ал нормативтік құқықтық актінің күші ол күшіне енгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылмайды.

Заңда оның нормаларының кері күші туралы ережелер жоқ екенін ескере отырып, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның 45-бабының 4 және 5-тармақтары осы Заң күшіне енгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылмайды деп есептейміз.Мәдениет және спорт министрлігі

Мәдениет және спорт министрлігі Ұлановтан бөлек басқа спортшылардың да осындай өтініш білдіргенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз