Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Еуроодақтың Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілін қабылдады

Ресми кездесу , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 18:22 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Тери Хакаланы қабылдап, Қазақстанның Еуропа одағымен арадағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ақпарды Ақорданың ресми сайты таратты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельге 10 қаңтардағы бейнебайланыс режимінде өткен кездесу барысында елімізді қолдап сөйлегені және ынтымақтастықты нығайтуға нық сенім білдіргені үшін ризашылығын айтып, сәлемін жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тери Хакаланың өтініші бойынша «қасіретті қаңтар» оқиғасы жөнінде айтып берді. Сондай-ақ Бас прокуратураға болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын ашық әрі әділ жүргізу жөнінде тапсырма берілгенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы адам құқықтары мен бостандығының сақталуы еліміздегі барлық билік тармағы үшін басымдық саналатынына назар аударды.

Қазақстан Президенті саяси жүйені одан әрі жаңғыртуға және әлеуметтік теңсіздікті сәйкестендіруге, ұлттық экономиканы әртараптандыруға бағытталған Жаңа экономикалық бағдарды іске асыру жоспары жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағымен ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша тығыз байланыстарды дамытуға және бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды жүзеге асыруға ниетті екенін нақтылады.

Өз кезегінде Тери Хакала Брюссельдің Қазақстанмен арадағы байланыстарды дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Еуропалық дипломат Президентке мазмұнды әрі пайдалы пікір алмасқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ Еуропа Одағы Президенттің саяси реформаларын толық қолдайтынын және еліміздің өркендеуіне, тұрақтылығына  мүдделі екенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: