Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат танытып, Қазақстанның негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі Еуропа Одағымен көпжоспарлы ықпалдастықты одан әрі нығайту маңызды екенін атап өтті.   Президент осыдан 10 жыл бұрын қабылданған кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім екі жақты-қарым-қатынастың айтулы кезеңі деп санайды.   Мемлекет басшысы Орталық Азия елдері мен Еуропа Одағы арасындағы белсенді және конструктивті диалогқа жоғары баға берді.  Эдуардс Стипрайс Еуропа Одағы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін мәлімдеп, екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі ықпалдастықтың қарқыны арта беретініне сенім білдірді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2025 14:51 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақордада өткен кездесудеҚасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат танытып, Қазақстанның негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі Еуропа Одағымен көпжоспарлы ықпалдастықты одан әрі нығайту маңызды екенін атап өтті.

Президент осыдан 10 жыл бұрын қабылданған кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім екі жақты-қарым-қатынастың айтулы кезеңі деп санайды.

Мемлекет басшысы Орталық Азия елдері мен Еуропа Одағы арасындағы белсенді және конструктивті диалогқа жоғары баға берді.

Эдуардс Стипрайс Еуропа Одағы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін мәлімдеп, екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі ықпалдастықтың қарқыны арта беретініне сенім білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: