Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президенті Шинго Уэноны қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Sumitomo корпорациясының орнықты даму мен корпоративтік жауапкершілікті арттыруға деген ұстанымын жоғары бағалайтынын, сондай-ақ компанияны ұзақ мерзімді стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.  Шинго Уэно Президентке «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясымен бірлескен жоба туралы мәлімет берді. Жоба ядролық медицина саласында уран өнімдерінен емдік радий изотоптарын алудың ғылыми-негізделген әдістерін әзірлеуді көздейді.  Сонымен қатар кездесуде көлік-логистика, энергетика, атом өнеркәсібі, металлургия және геологиялық барлау салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2025 10:00 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода Жапонияның ірі сауда-инвестициялық корпорацияларының бірі Sumitomo компаниясының президенті Шинго Уэноны қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Sumitomo корпорациясының орнықты даму мен корпоративтік жауапкершілікті арттыруға деген ұстанымын жоғары бағалайтынын, сондай-ақ компанияны ұзақ мерзімді стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

Шинго Уэно Президентке "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясымен бірлескен жоба туралы мәлімет берді. Жоба ядролық медицина саласында уран өнімдерінен емдік радий изотоптарын алудың ғылыми-негізделген әдістерін әзірлеуді көздейді.

Сонымен қатар кездесуде көлік-логистика, энергетика, атом өнеркәсібі, металлургия және геологиялық барлау салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: