Мемлекет басшысы G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдады

Кездесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, G42 компаниясының басқарма төрағасы, Пенг Сяоны , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2024 18:57 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 30 қазанда G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын дамыту бойынша бұған дейінгі кездесулерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар Smart City жүйесін енгізу бағытында ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды. Жоба заманауи технологиялық шешімдердің көмегімен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Кездесуде инновациялық технология және "ақылды" инфрақұрылым салаларында Қазақстан мен G42 компаниясы арасындағы ықпалдастықты кеңейтудің тың мүмкіндіктері қарастырылды.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визерді қабылдап, оны "Достық" орденімен марапаттаған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: