Тоқаев Siemens AG компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Кездесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Германия, Siemens AG компаниясы, Роланд Буш, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 20:23 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Siemens AG компаниясының басқарма төрағасы Роланд Бушты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келіссөз барысында өнеркәсіп, энергетика, машина жасау және цифрландыру салаларындағы өзара ықпалдастықтың мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды.

Siemens AG компаниясы – көлік, энергетика, медицина құрал-жабдықтары, электр және жарық техникасы өнімдері мен қызметтерін ұсынатын, сондай-ақ өнеркәсіптің түрлі саласында арнаулы қызмет көрсететін Германия және Еуропа Одағы аумағындағы ірі индустриялық конгломерат.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан нарығына алғаш келген неміс компанияларының бірі – Siemens еліміздің технологиялық дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Президент Siemens AG компаниясымен ынтымақтастықтың келешегі зор екенін айтты", делінген Ақорда таратқан мәтінде.  

Кездесуде диалогты жалғастыру және инновациялық дамуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыру маңызды екені атап өтілді.

Алдында Қасым-Жомарт Тоқаев машина жасаушы әлемдік жетекші компания басшылығымен кездескен болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: