Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Bayer AG компаниясының басқарма мүшесі Штефан Ольрихпен кездесті

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 22:03 Сурет: akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Bayer AG компаниясының басқарма мүшесі Штефан Ольрихпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bayer AG компаниясының басқарма мүшесі, фармацевтика бағытының басшысы Штефан Ольрихпен кездесу барысында денсаулық сақтау, орнықты егіншілік және ғылыми зерттеулер салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Bayer компаниясының заманауи медициналық өнімдеріне қол жеткізуге, сондай-ақ зертханалар ашуға және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға Қазақстанның зор қызығушылық танытып отырғанына назар аударды. 

Bayer AG – денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларына арналған медициналық-биологиялық шешімдер әзірлеуге маманданған халықаралық концерн.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның биотехнологиялық кластерді дамыту жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ аталған бағыттарда әзірлемелер дайындап, өндіріске енгізу үшін QazBioPharm ұлттық биофармацевтикалық холдингі құрылғаны жөнінде айтты.

Сонымен қатар кездесуде Қазақстанға жаңа дәрілік заттар әкелу рәсімдерін жеңілдету үшін нақты шаралар қабылдау мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысы еліміздің ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар, пестицидтер және басқа да биохимиялық заттар өндіру үшін кәсіпорын ашу айрықша маңызға ие екеніне назар аударды. Президенттің пікірінше, селекция, гендік инженерия салаларындағы ғылыми және іскерлік байланыстарды дамытуға мол әлеует бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: