Тоқаев Blackstone компаниясының негізін қалаушылардың бірімен инвестиция жайын талқылады

Кездесу, АҚШ, Нью-Йорк, Тоқаев, Blackstone компаниясы, инвестиция, Стивен Шварцман, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 22:00 Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Blackstone компаниясының негізін қалаушылардың бірі және басқарма төрағасы Стивен Шварцманмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Стивен Шварцман өзара тиімді инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.

Қазақстан Президентінің айтуынша, Blackstone компаниясының инфрақұрылым мен технологияны дамытуға арналған ауқымды инвестициялау стратегиясы еліміздің экономиканы әртараптандыру, инновация мен орнықты даму салаларындағы ұлттық басымдықтарымен тығыз байланысты.

Мемлекет басшысы Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойғанына егжей-тегжейлі тоқталды.

Blackstone компаниясының басшысымен әңгімелесу барысында Қазақстанда дата орталық құрылысы жобасын бірлесіп іске асыру ұсынылды. Сондай-ақ еліміздегі қаржы технологиялары мен жылдам өркендеп келе жатқан компаниялар арқылы активтерді басқару саласындағы ынтымақтастық әлеуетін қарастыруға назар аударылды.

Айта кетсек, Blackstone – нарықтық капиталы 218 миллиард доллардан асатын әлемдегі ірі инвестициялық компания.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Нью-Йорк қаласына ресми сапары аясында АҚШ Сауда министрі Говард Лютниктің қатысуымен америкалық Wabtec компаниясымен жалпы сомасы 4,2 миллиард долларға жуық келісімге қол қою рәсімі өткені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: