Қасым-Жомарт Тоқаев S Sistem Lojistik компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев S Sistem Lojistik компаниясының басқарма төрағасы Хусейн Барлинді қабылдады  Кездесу барысында компаниямен логистика саласында өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді серіктестік орнату перспективасы талқыланды.   Мемлекет басшысы елімізді Еуразиядағы жетекші транзиттік хабқа айналдыру үшін Орта дәлізді жан-жақты дамыту жұмыстары басталғанын жеткізді.   Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев S Sistem Lojistik компаниясының Ақтөбе халықаралық әуежайында логистика орталығын құру бастамасына қолдау білдірді. Жоба «Қазпошта» акционерлік қоғамымен бірге жүзеге асырылады.   Хусейн Барлин жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ компанияның алдағы уақытта Астана, Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларында да логистика орталығын кеңейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.   Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, логистика инфрақұрылымын кешенді түрде дамыту өте маңызды. Мұның бәрі транзит уақытын қысқартуға және экспорт инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.   ➤ S Sistem Lojistik – Түркияның логистика секторындағы жетекші инновациялық ұйым. Компания Ыстанбұл, Анкара, Измир және Анталья әуежайларында, сондай-ақ басқа да жерлерде жалпы аумағы 100 мың шаршы метр қойма желісін басқарады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2025 15:31 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев S Sistem Lojistik компаниясының басқарма төрағасы Хусейн Барлинді қабылдады.

Кездесу барысында компаниямен логистика саласында өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді серіктестік орнату перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы елімізді Еуразиядағы жетекші транзиттік хабқа айналдыру үшін Орта дәлізді жан-жақты дамыту жұмыстары басталғанын жеткізді.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев S Sistem Lojistik компаниясының Ақтөбе халықаралық әуежайында логистика орталығын құру бастамасына қолдау білдірді. Жоба "Қазпошта" акционерлік қоғамымен бірге жүзеге асырылады.

Хусейн Барлин жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ компанияның алдағы уақытта Астана, Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларында да логистика орталығын кеңейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, логистика инфрақұрылымын кешенді түрде дамыту өте маңызды. Мұның бәрі транзит уақытын қысқартуға және экспорт инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.

S Sistem Lojistik – Түркияның логистика секторындағы жетекші инновациялық ұйым. Компания Ыстанбұл, Анкара, Измир және Анталья әуежайларында, сондай-ақ басқа да жерлерде жалпы аумағы 100 мың шаршы метр қойма желісін басқарады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: