Алматыда таңертеңнен бері 25 жол-көлік апаты болды – Полиция департаменті

Жол-көлік апаты, Алматы қаласы Сурет: Zakon.kz
Көктайғақтың салдарынан Алматы қаласында 8 ақпан күні 25 жол-көлік апаты тіркелді. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz
Таңғы сағат алтыдан бері мегаполистің жоғарғы бөлігінде 25-тен астам жол-көлік оқиғасы болды, соның онында зардап шеккендер бар. Полиция полковнигі Манап Саттаров

Жол көлік апаты

Сурет: Zakon.kz

Жол көлік апаты

Сурет: Zakon.kz

Полиция департаментінің өкілі жол-көлік апатына жүргізушілердің жол тәртібін бұзуы себеп болатынын алға тартты.

Жауын-шашын, көктайғақ қаладағы көлік қозғалысының жағдайын айтарлықтай қиындататыны анық: кептеліс болып, көліктердің қозғалыс мүмкіндігі нашарлайды. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, көбінесе бұл құбылыстар жол қозғалысына қатысушылардың жол жүру тәртібін сақтамауынан туындайды: кейбір жүргізушілер жылдамдықты азайтпайды, төтенше жағдайлар, қауіпті маневрлер жасайды, бір-бірін сыйламайды, жаяу жүргіншілер, бұл ретте, жолды кесіп өтеді. Осы факторлар жалпы жол жағдайына кері әсер етеді.Полиция полковнигі Манап Саттаров

Жол көлік апаты

Сурет: Zakon.kz

Жол көлік апаты

Сурет: Zakon.kz

Алматы полициясы көктайғаққа байланысты жол қозғалысына қатысушыларды жолда сақ болуға шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз