Жаңалықтар тізбегі
0

Шавкат Рахмонов Алматыға келді

Спортшы Алматыға келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2022 10:54 Сурет: Instagram/shavkatrakhmonov94
8 ақпанға қараған түні қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновты Алматы әуежайында күтіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz

Батырды Лас-Вегастағы UFC Vegas 47 турниріндегі үшінші жеңісімен құттықтауға оның туыстары, жанкүйерлері мен отандық БАҚ өкілдері келді.

Еске салайық, қазақстандық спортшы 5 ақпанда өткен UFC турнирінің негізгі картасында Гайаналық Карлстон Харриспен кездескен болатын. Жекпе-жек бірінші раундтың ортасында техникалық нокаутпен, яғни Шафкаттың жеңісімен аяқталды.

Рахмонов UFC Vegas 47 турниріндегі жеңісі үшін 40 миллион теңге алады.

Қолдауларыңыз үшін барлығыңызға көп рахмет. Мен тамаша сезімдемін. Мені осындай сән-салтанатпен қарсы алғанына өте қуаныштымын. Мен өз жерімде болғаныма өте қуаныштымын. Мен туған жерімді қатты сағындым. Сонымен қатар, DAR командасына, жаттықтырушыларға және барлық қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді.Шавкат Рахмонов

Қазіргі уақытта Рахмоновтың UFC-дегі үш кездесуінің үшеуі де жеңіспен аяқталды. Ал аралас жекпе-жектен өткізген 15 жекпе-жегі де мерзімінен бұрын аяқталды.

Мен үш мәрте мерзімінен бұрын жеңіске жеткеніме қуаныштымын, Харриспен кездесуге дайындалдым. Ол тамаша жауынгер, мен онымен жекпе-жек өткізудің барлық нұсқаларын дайындық кезінде талдап шықтым. Менің жоспарларым тағы бірнеше кездесу өткізіп, содан кейін Топ 10 туралы ойлану. Алдағы жекпе-жектердің алдында біраз демалуымыз керек.Шафкат Рахмонов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: