«Астананы Қостанайға көшіру»: желіде жаңа фейк тарап жатыр

Фейк Сурет: pixabay
Kaznet қолданушылары Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы Қостанайға көшіретінін жариялағаны туралы хабарламаны таратып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Айта кетейік, Президенттің ресми сайтында да, ресми дереккөздерде де мұндай ақпарат жоқ. Еліміздің негізгі ақпарат құралдары мұндай хабарламаларды жарияламады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Twitter-дегі парақшасында мұндай ақпарат жариялаған жоқ.

Осылайша «Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның астанасын Қостанайға көшірмекші» деген ақпарат жалған, деп жазады Stopfake.kz.

Қазақстанның астанасы әлі де Нұр-Cұлтан қаласы.

2019 жылдың 20 наурызында Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік ант қабылдағаннан кейін Астананы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуді ұсынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз