Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады

Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен барады Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының президенті Владимир Путинмен және Татарстан Республикасының президентімен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәліметінше мемлекет басшысы 10-11 ақпан күндері Ресей Федерациясында болады.

Жоспар бойынша:

10-11 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады.

10 ақпанда Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді.

Кездесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын қарастырады.

11 ақпан күні Мемлекет басшысы Қазан қаласында Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездеседі және республикадағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап көреді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз