Кірістерді жылыстатуға қатысты есепшілер тексерілетін болады — ҚР ҚМА

Табыс Сурет: pixabay
ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында қаржылық мониторингі субъектілерінің тартылуына талдау жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби есепшілер барлық күдікті және шекті операциялар туралы хабарлауға міндетті.

Талдау көрсеткендей, кейбір бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби есепшілер шекті және күдікті операциялар туралы хабарлама жібермейді. Операциялар туралы ақпаратты жібермеу әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеліп соғады, сондай-ақ ол кірістерді жылыстату бойынша қылмысты жасыру немесе оған қатысу ретінде бағалануы мүмкін. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Агенттік заң бұзушыларды жауапкершілікке тартуға ниетті.

Баспасөз қызметі бухгалтерлерге шекті және күдікті операциялар туралы хабарлауды ұсынады, ол үшін Web-СФМ жүйесіне тіркелу керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз