«Қазақстан халқы» қорының ақшасы қайда жұмсалады

Қазақстан халқына қоры Сурет: Pixabay
Сайт іске қосылғаннан бері «Қазақстан халқы» қорына 13 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бүгінгі таңда Қорда 115 миллиард теңгеден астам қаражат жиналған. Сараптамалық комитеттер шұғыл шара қолдануды қажет ететін мәселелермен айналысуда, деп хабарлайды Zakon.kz

Қорда атап өткендей, сайт пен әлеуметтік желідегі мессенджерлерге тұрғын үй сатып алу, несиені өтеу, қаржылық тапшылықты шешу, тіпті отбасылық іс-шаралар мен мерекелік кештер мен тойдың ақысын төлеу туралы өтініштер түсуде.

Айта кету керек, «Қазақстан халқы» қорының Қамқоршылық кеңесі негізгі міндеттерін көрсететін Тұжырымдаманы бекітті.

Осылайша, құжатқа сәйкес, қордың қызметі науқас балаларға, туа бітті сырқаттары бар сәбилерге, мүгедек жандарға және медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, дамытуға жәрдемдесуге бағытталған.

Сонымен қатар, қор мүгедек, науқас немесе әлеуметтік бейімделу проблемалары бар баланы асырап алған, патронаттық тәрбиені ұйымдастырған отбасыларға және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған балаларға көмек көрсету үшін мектептермен өзара іс-қимыл жасайды.

Тізімге сондай-ақ Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау немесе адамдардың өмірін сақтап қалу және төтенше жағдайда зардап шеккен, халыққа көмек көрсету кезінде қайтыс болған немесе ауыр жарақат алған құқық қорғау органдары, арнайы органдар, ҰҚК қызметкерлерінің отбасыларына, әскери қызметшілеріне қолдау көрсетіледі.
Бұл қызмет бағыттары Қамқоршылық кеңесімен бекітілген және басқа салалар қарастырылмайды. Сондай-ақ, біз азаматтардың, оның ішінде қаржылық проблемалары болуы мүмкін екенін түсінеміз. Дегенмен қор бұл мәселелердің барлығын шешуге қауқарсыз. Сондықтан Тұжырымдамада көрсетілген қызмет бағыттарын мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз.«Қазақстан халқы» қорының ресми өкілі Әлібек Әбділов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз