Алматыда қар жауып, көктайғақ күтілуде
Сурет: Pixabay
9 ақпаннан 10 ақпанның таңына дейін Алматы қаласында қар жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз 0…-2, түнде -4…-6 градусқа дейін жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, жолдар көктайғақ орын алады, деп хабарлайды Zakon.kz
Қалада көктайғақтың алдын алу мақсатында 204 құм себуші кезекшілікте тұр. Қар тазалауға барлығы 624 бірлік жұмылдырылады. Арнайы техника мен 1538 жол жұмысшысы еңбекке тартылады.
Ауа райының нашарлауына байланысты жолда көктайғақ болып, кептеліс орын алады. Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге сақ жүруге шақырады.
Жүргізушілерге жылдамдықты бәсеңдетуге, көліктер арасындағы қашықтықты арттыруға және кенеттен маневр жасамауға кеңес беріледі. Жаяу жүргіншілер жаяу жүргіншілер жолымен жүру кезінде мұз қабатының пайда болуы мүмкін болғандықтан сақтық шараларын сақтағаны абзал.Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы
Еске сала кетейік, Алматы қаласының жолдарында көктайғақ орын алып, 8 ақпан күні қаланың бірнеше көшесінде 30-дай көлік апаты орын алған.
Новость по теме
Оқи отырыңыз
Бүгін - Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript