Жаңалықтар тізбегі
0

Ержан Бабақұмаров Орталық коммуникациялар қызметіне басшы болды

Ержан Бабақұмаров, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2022 16:25 Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі
Ержан Бабақұмаров «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.делінген қаулы мәтінінде

Осылайша мемлекет басшысының өкімімен Руслан Әлішев «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымынан босатылды.

  • Ержан Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда дүниеге келген. 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «саясат тарихының оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.

  • Еңбек жолын 1995-1996 жылдары Қазақстан даму институтының саяси зерттеулер орталығының ішкі саясат бөлімі меңгерушісі болып бастаған.

  • 2018 жылдың желтоқсаны – 2019 жылдың сәуірі – ҚР Президенті Әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болған.

  • 2019 жылдың 5 сәуірінен - 5 шілдесіне дейін – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі қызметін атқарған.

Еске салайық, Ержан Бабақұмаров 2019 жылдың 5 шілдесінен бастап Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: