Алматы маңында қой бағып жүрген шопан қару-жарақ арсеналын тауып алды

Қару-жарақ, жаппай тәртіпсіздік, Алматыдағы шеру Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Бүлік кезінде қолды болған қару-жарақтар жер-жерден әлі де табылып жатыр. Сондай қару-жарақ арсеналының бірін Алматы маңында қой бағып жүрген шопан тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің мәлімдеуінше, қару-жарақ жасырылған жерден Алатау ауданының полицейлері оқ өткізбейтін кеудеше, каска, травматикалық тапанша мен ондаған патрон тәркілеген.

Біздің бөлімшеге У. есімді азамат хабарласып, «Дархан» ықшамауданындағы сайда мал бағып жүрген кезінде қару-жарақ арсеналын тауып алғанын хабарлады. Ақпарат расталды. Жедел-тергеу тобы каска, оқ өткізбейтін кеудеше, 7,62 мм калибрлі 20 патрон, «Беретта» травматикалық тапаншасы, резеңке таяқшалар, «Макаров» тапаншасынан 19 патрон және белгісіз травматикалық тапанша тәркіленді.Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков

Әскери кеудеше, каска, жаппай тәртіпсіздік, Алматыдағы шеру

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Тапанша, патрон, Алматыдағы шеру, қаңтар оқиғасы

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полицей қойманың ішінен табылған қару-жарақтың меншік құқығы мен шығу тегі тексеру барысында анықталатынын айтты. Арсеналды жасырған тұлғалар жауапқа тартылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз