Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда қару-жарақ ұрлаған Кербұлақ ауданының тұрғындары қамауға алынды

Қару ұрлағандар , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2022 14:36 Сурет: Алматы облысы ПД
Кербұлақ ауданының тұрғындары қаңтар айының басында Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында болған жаппай тәртіпсіздікке қатысып, қару-жарақ ұрлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz
Жедел іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1989 жылы туған тұрғын ұсталды. Тәртіп сақшылары келтірген айғақтардан кейін ол тәртіпсіздік кезінде заңсыз алып кеткен қару-жарақтарын қайтарып, сыбайластарының жеке тұлғаларын айқындап берді.Кербұлақ ауданы ПБ бастығының орынбасары полиция майоры Алмас Бекиев.

Ұсталған тұрғынның айтуынша, ол таныстарымен бірге Талдықорған қаласындағы бейбіт шеруге қатысуға барған. Сол түні болған жаппай тәртіпсіздік кезінде күдіктілер белгісіз адамдардан Калашников автоматын, Макаров тапаншасы мен оқ-дәрілерін алып, көліктеріне тиеп әкеткен. Сонымен қатар, олар мекемелердің бірінен автокөліктің 4 дана дөңгелегін олжалаған. Заңсыз тапқан дүниелерін сыбайластар өзара бөлісіп алған.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 6 тұрғын қылмысқа қатысы бар деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Олардан тәртіп сақшылардан қолды болған автомат пен тапаншалар, олардың оқ-дәрілері, көлік дөңгелектері тәркіленіп, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Тәртіп сақшылары тергеу барысында күдіктілердің әрекеттерін және олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтайтын болады. Сонымен қатар, олар қандай мақсатта атыс қарулары мен оқ-дәрілерін иемденіп, алып кеткенін тексереді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: