Олимпиада тарихында алғаш рет қазақстандық спортшы шаңғы қоссайысынан сынға түсті

Бейжің олимпиадасы, шаңғы қоссайысы Сурет: Instagram/chingizrakparov
Шыңғыс Рақпаров шаңғы қоссайысынан Олимпиадаға қатысқан алғашқы қазақстандық спортшы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz

Жарыстың бірінші түрі трамплиннен секіруде Шыңғыс Рақпаров 79,5 метр нәтиже көрсетіп, 69,9 ұпай жинаған еді.

Жарыс бағдарламасының екінші түрі – 10 шақырымға шаңғы жарысы басталғанда ол жапониялық Риота Ямомотадан 4 минут 12 секундқа қалып, 38-орыннан көрінді.

Шаңғы қоссайысына келер болсақ, бұл сында Шыңғыс Рақпаров 41-орыннан көрінді.

Аталған спорт түрінен алтын медальды германиялық Винченц Гайгер жеңіп алды. Екінші орынға норвегиялық Йорген Граабак ие болса, австриялық Лукас Грайдерер үшінші орынға ие болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз