Жаңалықтар тізбегі
0

"Дима Билан жасанды желдету аппаратында жатыр". Әнші түсінік берді

Дима Билан, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2022 17:46 Фото: instagram.com/bilanofficial
Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Дима Билан ауруханада жатқаны туралы әңгімені жоққа шығарды. Ол өзін жақсы сезінетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұған дейін түрлі БАҚ-та Дима Биланның ауруханаға жатқызылғаны және оның жағдайы орташа ауыр екені туралы ақпарат тараған еді.

Дәрігерлер коронавирус инфекциясын анықтады. Томографияда өкпенің зақымдануы, тыныс алу жеткіліксіздігі анықталмады. Көмей мен кеңірдектің қабынуы бар, - делінген хабарламада.

Әнші видео түсіріп, мұндай өсек-аяңды жоққа шығарды. Сонымен бірге ол «әлем жынданып бара жатыр» деп мәлімдеді.

Біреу мен туралы жасанды желдету аппаратында жатыр деп, қауесет таратқан. Олай емес. Бірақ менде COVID болды. Мен оны тыныш өткердім. Қазіргі COVID 2-3 күнге созылады. Менде қандай да бір дағдарыс болған соң, екі рет тест тапсырдым. Біреуі экспресс, екіншісі неғұрлым күрделірек. Нәтижелері теріс болды. Бірақ кейін тағы тапсырдым. Сонда коронавирус расталды. Менде бәрі жақсы өтті! Осындай жаңалықты таратудың не қажеті бар?Дима Билан

Сонымен қатар Дима Билан Instagram парақшасында хабарлама жазды.

Ура! "Омикрон" мені жайыма қалдырды! 52-ші қалалық аурухананың дәрігерлерімен жақсы жұмыс істедік. Қымбатты дәрігерлерім, сіздерді жақсы көремін. Кеше түнде тест нәтижесі теріс болды. Мен туралы «жасанды тыныс алу аппаратында жатыр» деп қауесет тарату біреуге тиімді болып тұр ғой. Енді бұл туралы қашанғы айтуға болады? Ауырмаңыздар, - деді Дима Билан парақшасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: