Путин Тоқаевқа: Өзіңізбен Жаңа жылдың алдында кездестік, ол кезде...

Ресми сапар Сурет: akorda.kz
Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде 2022 жылы қос ел арада орнаған дипломатиялық қарым-қатынастардың мерейтойын атап өтетінін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz
Өзіңізбен Жаңа жылдың алдында кездестік, ол кезде мұндай оқиғалар орын алатынын білдіретін қылаң да болған жоқ. Қалай дегенмен де жағдай реттелді. Өздеріңіз білетіндей, Ресей ҰҚШҰ тарапының бірі ретінде Шарттың 4-бабына сәйкес Қазақстанға қолдау көрсетті. Әрине, бұл арада Қазақстанның басшылығы, өз ісіне, антына және Қазақстан халқына берілген құқық қорғау органдары, қарулы күштер басты рөл атқарды. Владимир Путин

РФ Президенті қаңтардағы оқиғалары барысындағы шығынның бәрін қалпына келтіру үшін көп күш салу керектігін түсініп отырғанын, сонымен қатар Қазақстанның сенімді әрі аяғында нық тұрғанын атап өтті.

Сіздің күш-жігеріңіздің, Сіздің басшылығыңыздың арқасында барлығы белсенді дамып келеді. Біз, өткен жылдардағыдай, Ресей мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимыл әлеуетін, ең алдымен, экономикалық тұрғыдан тиімді пайдаланатын боламыз деп үміттенемін. Ресей Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесі болып табылатынын тағы да еске саламын. Өткен жылы тауар айналым өсімі 34%-дан асты. Меніңше, 26,5 миллиард доллар болуы керек. Өте жақсы көрсеткіш, жақсы қарқын. Біз халықаралық алаңдарда белсенді әріптестік танытамыз. Биыл бізде мерейтой: арадағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Владимир Путин

Ресей басшысы биылғы жылдың күз айларына бірқатар маңызды іс-шаралар жоспарланып отырғанын айтты, оның пікірінше, олар екі ел арасындағы іскерлік және гуманитарлық байланыстарды дамытуда пайдалы болады.

Бұл арада шыңдайтын дүние көп. Ғарыш, энергетика, машина жасау салаларына қатысты ірі жобалар бар. Ресейлік инвестициялардың жалпы көлемі, менің ойымша, 17 миллиард доллар. Бұл лайықты көлем! Сондықтан біз өзіңізбен бірге одан ары қарай жұмыс істей береміз және, әрине, бүгін талқылайтын нәрселеріміз де бар, өзіңізді көргеніме өте қуаныштымын. Қош келдіңіз! Владимир Путин
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз