Тоқаев пен Путин бірлескен мәлімдеме жасады

Келіссөз Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz

10 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге барды.

Бірінші кезекте мен Ресей Федерациясының Президентіне Мәскеуге ресми сапармен ізет білдіріп шақырғаны үшін алғыс айтқым келеді. Жаңа ғана біз біршама уақытқа созылған келіссөздерді аяқтадық. Келіссөздер кезінде қол жеткізілген келісімдер туралы құрметті Владимир Владимирович Путин өздеріңізге мазмұнды ақпарат берді. Шынымен де келіссөздер өте мазмұнды, тіпті қызықты болды деп айтар едім. Мүмкіндікті пайдалана отырып, осы келіссөздердің өту барысына қанағаттанғанымды білдіргім келеді. Қазақстан Президенті

ҚР Президенті 2022 - екі ел үшін де арадағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына байланысты маңызды жыл болып табылатынын баса атап өтті.

Осы уақыт аралығында достықтың берік арқауына, тарихымыздың ортақтығына, халықтарымыздың менталдық жақындығына сүйеніп, шынымен де үлгі боларлық мемлекетаралық әріптестік құрдық. Үдемелі саяси диалогтың арқасында екі мемлекет бүкіл бағыттар бойынша таңғаларлық табыстарға жетті. Біздің арамыздағы әлемдегі ең ұзаққа созылып жатқан құрлықтағы шекарамыз халықаралық қауымдастыққа нағыз үлгі боларлық берекелі көршілестіктің, сенімді әріптестіктің және саяси серіктестіктің жарқын мысалы болып отыр дер едім. Мемлекет басшысы

ҚР Президентінің айтуынша, мемлекет басшылары өзара сауданың оң қарқынын сақтауға келіскен.

Карантин шектеулеріне қарамастан, былтыр өзара сауда-саттықта ең жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. Сауда көлемі 21 млрд доллардан асты. Ресей компаниялары Қазақстан экономикасындағы жетекші инвесторлардың бестігіне кіреді. Олардың жалпы салымы 17 млрд доллардан асты. Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Ресей Қазақстандағы шетелдік капиталы бар компаниялардың саны бойынша көшбасшы болып саналатынын айтты.

Әрбір үшінші осындай компания ресейлік компаниялардың қатысуымен құрылған. Олардың жалпы инвестициялық портфелі бүкіл салаларда көрініс тапқан. Біз өндірістік кооперацияны кеңейтудің келешегін талқыладық. Бұл бағытта біздің елдер 13 ірі жобаны аяқтады, 2,5 млрд доллардан астам сомаға сегіз жоба іске асырылу сатысында. Жалпы инвестиция көлемі 1,5 млрд долларды құрайтын тағы 11 жоба пысықталып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев

Келіссөздер барысында Тоқаев Путинге бұл жобалардың барлығы оның жеке бақылауында болатынын жеткізді. Олар жаңа жұмыс орындарын құруға, екі елдің өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз