Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев ҰҚШҰ бойынша серіктестерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты

Мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2022 22:10 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz

10 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге барды.

Өңіріміздегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Ресей Федерациясы бірегей маңызды рөл атқарады. Ресейдің еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздіктің бөлініп қарастырылмайтындығына қатысты ұстанымын қолдайтындығымызды атап өткім келеді. Түптеп келгенде, бұл 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның Астана форумы қорытындысында қол қойылған декларацияда бекітілген. Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Президенті өзге мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіре отырып, өз қауіпсіздігіңді қалыптастыру қазіргі әлемде мүмкін еместігімен және де мұның іс жүзінде тиімсіз екендігімен келісетінін айтты.

Ресей тарапынан айтылған халықаралық кең ауқымда қауіпсіздікке қатысты келіссөз өткізу бастамасы сәтті дипломатиялық келіссөздер үшін өте жақсы платформа деп ойлаймын. Біз келіссөздерді келіссөз өткізу үшін емес, нәтижелерге қол жеткізу үшін өткізілуін қолдаймыз. Түптеп келгенде, «жақсы жанжалдан, жаман болса да бітім артық». Владимир Владимирович Путинге және ҰҚШҰ бойынша басқа серіктестерімізге Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған террористік шабуылға тойтарыс беруде баға жетпес қолдау көрсеткені үшін тағы да алғыс айтамын. Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: