Тоқаев Сочиге келді

facebook.com / Берік Уәли, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2019 22:17 facebook.com / Берік Уәли
Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.

Мемлекет басшысы "Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысу үшін Сочиге келді, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.

Сондай-ақ, "Валдай" халықаралық пікірталас клубының ХVI отырысына қатысады. Биылғы шара әлемдік саяси құрылымдағы Шығыстың рөлін талқылауға арналады.

Пленарлық сессиядағы Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзін "Хабар 24" телеарнасынан Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен шамамен сағат 20:00 мен 21:00 аралығында көре аласыздар. (нақты уақыты қосымша хабарланады)

Пікірталас барысында қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайларға Шығыстың ықпалы, Еуразия кеңістігіндегі саяси және экономикалық өзара іс-қимылдардың перспективалары, Таяу Шығыс мәселелері бойынша сөзжарыстар болады.

Пленарлық сессиялар барысында Қазақстан мен Ресей басшыларынан басқа Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев, Иордания Королі ІІ Абдалла және Филиппин Президенті Родриго Дутертенің сөз сөйлеуі жоспарланған.

Биыл "Валдай" халықаралық пікірталас клубының жұмысына 37 елден, 140-тан астам сарапшы қатысып жатыр.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: