Несиелік рақымшылық жарияланды – фейк

Жалған ақпарат, несие, кредиттік рақымшылық, несиелік рақымшылық, мерзімі өткен несие Сурет: pixabay
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілер арқылы таралып жатқан несиелік рақымшылық жарияланғандығы туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz
Агенттік азаматтарды адастыру және салдары олардың қаржылық жағдайының нашарлауына әкеп соғатын әрекеттерге итермелеу мақсатында таратылып жатқан ақпараттың дәйексіз екенін мәлімдейді.ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі

Осыған байланысты Агенттік несиесі бойынша төлеу мерзімі өтіп кеткен азаматтарға қолдау көрсету үшін 2021 жылғы қазаннан бастап берешекті реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілгенін хабарлайды.

Кредиттер бойынша төлеу мерзімінің өтуі туындаған жағдайда қарыз алушылар банкке немесе микроқаржы ұйымына өтінішпен жүгінуі қажет, онда олардың өтініштері қаралып, проблемалық берешекті қайта құрылымдау талаптары ұсынылады.

Қарызды қайта құрылымдау талаптары:

  • сыйақы мөлшерлемесін азайту;

  • төлемді кейінге қалдыру;

  • өтеу әдісін өзгерту;

  • қарыз мерзімін ұзарту;

  • мерзімі өткен негізгі борыш және (немесе) сыйақыны кешіру;

  • айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың), комиссиялардың және қарызға қызмет көрсетумен байланысты өзге де төлемдердің күшін жою және т.б. түрінде болуы мүмкін.

Егер қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша кредитормен келісімге қол жеткізе алмаса, ол кредитордың жауабын алған күннен бастап 15 күн ішінде Агенттікке жүгінуге құқылы. Бұл ретте қарыз алушы банкке немесе МҚҰ-ға өзінің өтініш бергенін және өзара ұтымды шешімге қол жеткізбегенін растауды міндетті түрде ұсынуы тиіс.

Қазақстанда 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде теңгемен ипотекалық қарыз алған қарыз алушыларға көмек көрсету үшін Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын (Бағдарлама) іске асыру жалғасып жатқанын да хабарлаймыз. Бағдарлама шеңберінде қарыз бойынша негізгі борышты жылдық 3%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен қайта қаржыландыру жүргізіледі. Қарыз алушының сыйақы, өсімпұл (айыпақы), айыппұлдар мен комиссиялар бойынша мерзімі өткен берешегін банктер кешіруі тиіс.

Агенттік өкілі азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан дәйексіз мәліметтерге сенбеуді және ресми әрі тексерілген дереккөздерінен ғана алынған ақпаратты басшылыққа алуды сұрады.

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының талаптары мен нәтижелері туралы толығырақ ақпаратты Агенттіктің ресми сайтынан мына сілтеме бойынша алуға болады: https://clck.ru/ZDhaA

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз